Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысымен кездесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент ҰҚШҰ Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Бұл туралы мемдекет басшысы Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Әскери-саяси ықпалдастықты, атап айтқанда, ҰҚШҰ  (Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы) шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқыладық», — деп жазды Тоқаев.

Ол ҰҚШҰ Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

​Бұған дейін Станислав Зась Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы лауазымына қсынылды. Оның кандидатурасына ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесі келісім берді.

ҰҚШҰ бұрынғы бас хатшысы Юрий Хачатуров Армениядағы 2008 жылғы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша қылмыстық қудалаумен байланысты қызметінен босатылды.



sputniknews.kz