Тоқаев Бекет ата жерасты мешітін зиярат етті (фото)

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Бекет ата жерасты мешітін зиярат етті, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram-арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи орында жергілікті ақсақалдармен әңгімелесіп, елдік мәселелерді талқылаған. Қасым-Жомарт Тоқаев Бекет ата мешітіне барды.

«Қасиетті жерге зиярат ету үшін арнайы келдім. Мұнда 2019 жылы Президент лауазымына кіріскен кезде келген едім. Бүгін жұртшылықпен кездесіп, маңызды мәселелерді талқыладық. Маңғыстау облысының дамуына тың серпін беру керек екенін айттым. Үкіметке тиісті тапсырмалар бердім. Аманшылық болса, келешекте облыста бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бәрі менің бақылауымда болады», – дейді мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Бекет ата мешітіне барды.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жұртшылығымен кездесу өткізді. Президент өз сөзінде өңірді дамытудың басым бағыттарының бірі өнеркәсіп пен бизнесті жаңғырту болуы керектігін атап өтті.