Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы бас прокурорға Арыстағы жарылысқа кінәлі тұлғалардың бәрін жауапқа тартуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
Ғизат Нұрдәулетов мемлекет басшысына қадағалаушы органның биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.
Бұдан бөлек, Тоқаевқа бас прокуратураның құқық қорғау органдарының қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған үйлестіру функциясын күшейту жұмыстарының орындалуы жөнінде баяндалды.
Сондай-ақ, Ғизат Нұрдәулетов азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы есеп берді.
Тағы оқыңыз: Арыстағы арсенал қашан түгел шығарылады – министр жауабы
Қазақстан президенті бас прокурорға Арыс қаласындағы жарылыстарға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуді және кінәлі тұлғалардың бәрін жауапқа тартуды тапсырды.
Тоқаев күш-жігерді азаматтардың құқығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күреске жұмылдыру қажеттігін айтты.
sputniknews.kz