Тоқаев «Барыстың» матчына барып, «Ак Барсты» қалай ойсырата жеңгенін тамашалады

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Нұр-Сұлтанда хоккейден Қазақстан президентінің кубогы басталды

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Қазақстан президентінің Кубогына арналған шайбалы хоккейден 10-шы мерейтойлық халықаралық турнирде елордалық «Барыс» қазандық «Ак Барсты» ойсырата жеңді – 6:1.

Бұл ойында Никита Михайлис (7-минутта), Кирилл Панюков (16), Адам Хелука (18), Дастин Бойд (28), Даррен Диц (31) және Батырлан Мұратов (37) шайба соқты. Қарсылас командадан «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы Мэтт Фрэттин көзге түсті.

Ойынды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев және Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов тамашалады.

«Барыс Арена» мұз сарайындағы турнир 11 тамызға дейін жалғасады. Оған «Барыс» пен «Ак Барстан» бөлек, «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург) және «Салават Юлаев» (Уфа) қатысады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз