Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек туралы ойын айтты

0
17

Президент көпбалалы отбасылар табысына қарамастан, отбасындағы бала санына қарай мемлекеттік қолдауға ие болатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет тек мұқтаж жандарға көмектесуі керек. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Үкіметтің алдында атаулы көмекті ашық әрі әділ көрсетуді қамтамасыз ету міндеті тұр. Көмек ең алдымен көпбалалы отбасылардағы балаларға көрсетілуі тиіс. Мемлекет тек мұқтаж жандарға көмектесуі керек», – деп санайды Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Президент көпбалалы отбасылар табысына қарамастан, отбасындағы бала санына қарай мемлекеттік қолдауға ие болатынын атап өтті. Көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленсе, тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі.

Тағы оқыңыз: Президент үкіметке салыққа қатысты тапсырма берді

«Еңбек етуге ынталандырудың жаңа тәсілдеріне баса мән беріліп, атаулы әлеуметтік көмекті асыра пайдалану барынша азаяды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік-патронаттық қолдауды күшейту керек деп санаймын», – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Тоқаев мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін енгізуді тапсырды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз