Тоқаев Астананың атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды

0
86

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстанның астанасы енді Нұр-Сұлтан қаласы деп аталады

АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген хабарламада.



sputniknews.kz