Тоқаев Астананың атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды

Саясат
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанның астанасы енді Нұр-Сұлтан қаласы деп аталады
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген хабарламада.
sputniknews.kz