Тоқаев астана атауын өзгерту туралы сауалға жауап берді – видео

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевпен арақатынасы туралы айтты. Сондай-ақ, қос билікке қатысты сұрақты да жауапсыз қалдырмады

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Немцова. Интервью» бағдарламасы аясында Deutsche Welle-ге сұхбат берді.

Сұхбат барысында журналист Тоқаевтан Нұрсұлтан Назарбаевпен арақатынасы туралы сұрады.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның негізін қалаушы. Ол – Елбасы, зор қызметке лайық. Мен заңды түрде сайланған президент, мемлекет басшысы, жоғары қолбасшымын. Арамызда ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Бір-бірімізбен ақылдасатынымызды жасырмаймын. Қос билік жоқ», — деді Тоқаев.

Жанна Немцова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Астана атауының Нұр-Сұлтан деп өзгертілуі туралы сұрақ қойды.

«Астанадағы әуежайға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілген, 1 желтоқсан –тұңғыш президент күні. Бұл жеке адамға табынушылық емес пе?», — деді ресейлік журналист.

«Жоқ, мен келіспеймін. Михаил Шолохов «жеке тұлғаға табыну болды ма?» деген сауалға: «тұлға болды ғой» деп жауап берген. Нұрсұлтан Назарбаев – ірі тарихи тұлға», — деді Қазақстан президенті.



sputniknews.kz