Тоқаев Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты. Елордалық көшелердің біріне өрт сөндірушінің есімі беріледі.

0

Тоқаев Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты. Елордалық көшелердің бірінде өрт сөндірушінің есімі беріледі.

«Асқар Серікұлы төтенше жағдайларға қарсы күрес саласындағы еңбегімен елімізге адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт кезінде оқиға орнына жедел келіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Ол өзінің іс-әрекетімен Отан алдындағы азаматтық борышына адалдығын және теңдесі жоқ батылдығын көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі қалады», – делінген Президенттің жеделхатында.

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Астана көшелеріне бірінде өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімі беріледі, оның бюсті де орнатылады.

Фото: almaty.tv, ақпарат: http://Orda.kz