Тоқаев Асқар Мырзахметовті қызметінен босатты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

141 0 0

Жамбыл облысының әкімі қызметіне Бердібек Сапарбаев тағайындалды, ол премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды», – делінген сайтта.

Оның орнына президенттің жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болған Бердібек Сапарбаев тағайындалды.

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметіне 2018 жылдың 10 қаңтарында келген болатын.

Бердібек Сапарбаев туралы не білеміз?

Бердiбек Мәшбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған.

1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Түрлі жылдары министрлер кабинеті аппаратының жетекшісі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2009 жылдың 4 наурызынан бастап 2014 жылдың 11 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2014 жылдың қараша айынан 2015 жылдың 11 қыркүйегіне дейін премьер-министрдің орынбасары болды.

Ақтөбе облысын басқарды. 2019 жылдың 25 ақпанынан 20 тамызына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. Ал 20 тамыздан 10 ақпанға дейін – үкімет басшысының орынбасары.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп өсірді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз