Тоқаев Арыстанбек Мұхамедиұлын сынады
Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұтқындалған экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын еске алды.
Бұл туралы президент Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтай кезінде айтты.
– Бұрынғы министрлеріміздің бірі көршілес бауырлас елдің азаматтарын мазақ етті. Ол: «Олар Ресейге барады, қара жұмыс істейді. Әлемде естімеген нәрселер көп, бірақ одан да күлкілі нәрсені ойлап табу қиын. Жұмыстан қашатын адам осыдан ұялуы керек, кеудесін соқпауы керек. Еңбек – қасиетті ұғым. Адал еңбекті келемеждеуге болмайды, – деді президент.
2016 жылы сол кездегі мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ресейдегі қырғыз еңбек мигранттарын кемсітетін сөздер айтқан болатын.