Тоқаев Арысқа ұшып шығады 

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Арыстағы жарылыс кезінде бір адам қаза тауып, 31 адам медициналық мекемеге жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына ұшып шығады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысымен бірге премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады», – деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.

Президент түске дейін Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні таңертең сағат 9.30 кезінде Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, қоймадағы оқ-дәрі жарылды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бір адам қаза тапқанын мәлімдеді. 31 адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыстарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Арыс тұрғындары шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Қалада 43 мыңға жуық халық тұрады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау үшін шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды. 

Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Арыс қаласындағы жарылыстардан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз