Тоқаев «АрселорМитталТеміртау» компаниясын сынға алды

0

Тоқаев «АрселорМитталТеміртау» компаниясын сынға алды, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Нақты проблема өндірістік жарақатпен байланысты. Ағымдағы жылдың 11 айында өндірісте 1124 қызметкер зардап шекті, оның 157-сі қаза тапты. Жеке кәсіпорындарда адам шығынымен болған апаттар жүйелі сипатқа ие болды. Әңгіме, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы туралы болып отыр.

2006 жылдан бастап кәсіпорында 20-дан астам апат орын алып, 100-ден астам азаматымыздың өмірін қиды. Тек осы жылы 14 адам қайтыс болды, оның ішінде өткен аптада 1 қызметкер бар. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың есептеріне сәйкес, компания еңбек, экологиялық және салық заңнамасын бұзады, инвестициялық міндеттемелерді орындамайды. Қоғам әділ және шұғыл шараларды күтуде, — деді Мемлекет басшысы.

Фото: kapital.kz