Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап, өңір жұртшылығымен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды», — деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ, Тоқаев сапар барысында «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек практикасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, өңірдің жұртшылығымен кездеседі.
Айта кетсек, кеше президент Қостанай облысында жұмыс сапарымен болды. Ол Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына қатысып, өңірдің бірқатар кәсіпорыны мен шаруа қожалығын аралап көрді. «СарыарқаАвтоПром» автомобиль құрастыру кәсіпорнында болып, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысты.
Тағы оқыңыз: Тоқаев жер шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді
sputniknews.kz