Тоқаев Ақтау қаласына не үшін барғаны белгілі болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

24 0 0

Мемлекет басшысы алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр», — деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастаған болатын. Сапар барысында Тоқаев облыс орталығының құрылысымен танысып, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесті.



sputniknews.kz