Тоқаев Ақордада партия басшыларын қабылдады

Саясат
Қысқа сілтеме алу
Кездесу барысында қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада партия жетекшілерін қабылдады, деп хабарлайды президенттің ресми сайты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады», — деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
sputniknews.kz