Тоқаев Ақордада Ерболат Досаевты қабылдады

0
38

Экономика

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев елдің қаржы нарығының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы Ақордада ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, еліміздегі қаржы нарығының дамуы жайлы айтылды.

Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында баяндады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарды дүрліктірген мәселеге нүкте қойды

Сонымен қатар мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент бірқатар тапсырма берді.



sputniknews.kz