Тоқаев Ақордада бас прокурормен кездесті

    0
    16

    Қоғам

    Қысқа сілтеме алу

    0 0 0

    Бас прокурор мемлекет басшысына ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы баяндады

    НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Бас прокурор Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ол төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.


    ©
    Photo : Ақорданың ресми сайты

    Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

    Бұдан бөлек, Қазақстан президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.

    «Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты», – деп хабарлады Ақорда.

    Кездесу соңында мемлекет басшысы бас прокурорға бірқатар нақты тапсырма берді.



    sputniknews.kz