Тоқаев Ақмола облысындағы күн электр станциясын аралап көрді
Қысқа сілтеме алу
Құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Бүгін мемлекет басшысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда сайты.
Президент сапары «Hevel Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты күн электр станциясының жұмысымен танысудан басталды. Аталған нысан биыл пайдалануға берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы «жасыл энергетиканы»дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді.
Ақмола облысындағы күн электр станциясы
Құрылыс жобасын салу барысында компанияның өз әзірлемесі, атап айтқанда, гетероқұрылымды екі жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан түбінде 2020 жылдың наурыз айында ірі күн электр станциясы іске қосылады
Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, электр станциясының қызметкерлеріне табыс тіледі.
sputniknews.kz