Тоқаев Ақмола облысына барды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мемлекет басшысы егін орағының барысын бақылап, спорт мектебі мен ауылшаруашылық өндірісі кешенін аралап көреді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қазақстан президенті Жақсы ауданындағы «Айбат» ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды. Сондай-ақ, жекеменшік спорт мектебі мен «ТНК» агрофирмасының «Урожай» серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады.

Бұған дейін президент Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды және Атырау облыстарына барған еді.



sputniknews.kz