Тоқаев америкалық кәсіпкерді қабылдады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстан президенті ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Valmont Industries компаниясының президенті, бас директоры Cтив Каневскиді қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсіп саласына мамандандырылған компаниямен өзара тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.

«Қазақстан президенті ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті», — деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Cтив Каневски Valmont Industries компаниясының бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Америкалық кәсіпкер Қазақстан Орталық Азиядағы барлық мүдделі құрылымдарға кәсіпорынның қызметін ұсыну үшін көпір болатынына сенім білдірді.

 



sputniknews.kz