Тоқаев Алтай Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты

0

Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен президент қаулысымен босатылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Алтай Көлгінов бұл лауазымға 2022 жылдың 9 желтоқсанында тағайындалған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, БҚО әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі, Батыс Қазақстан облысының әкімі болған. Ал 2019 жылдың маусым айынан бері Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.