Тоқаев Алматыға ұшып келді — Қазақстан жаңалықтары

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Оңтүстік астанаға жасаған сапарында мемлекет басшысы қаладағы бірқатар инфрақұрылым нысандарын модернизациялау және салу жобаларымен танысады», — деп жазды баспасөз хатшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясын анықтауға арналған мобильді скринингтің жаңа орталығына барып, ботаникалық бақтың қалпына келтірілу барысымен танысады, сондай-ақ салынып жатқан әлеуметтік қызметтер ғимаратында болады.
 

stan.kz