Тоқаев Алматыға сырттан қатынайтын тұрғындардың мәселесін шешуді тапсырды – Қазақстан жаңалықтары

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевқа Алматы облысының әкімімен бірлесіп Алматы қаласында жұмыс істейтін өңір тұрғындарының мегаполиске қатынау мәселелерін пысықтау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дорога

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді. Видеожиналыста елорда әкімі Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордадағы қазіргі ахуал және коронавирустың таралуына қарсы карантин енгізілуіне байланысты қабылданған шаралар жайында есеп берді.

Президент қала тұрғындарын ең қажетті тауарлармен және азық-түлікпен толық қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. 

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдарға қатысты туындаған мәселелерді тез арада шешіп, тиісті көмек көрсету керектігін айтты. 

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының карантин енгізу жағдайына әзірлігі, қосымша дайындалған төсек-орындар саны, коронавирус індетінің таралуына қарсы күреске қажетті барлық ресурстар мен құралдарды жұмылдыру туралы баяндады. 

Мемлекет басшысы коронавируске қарсы күрестің маңыздылығын айта келе еліміздің ірі мегаполисін азық-түлікпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің шешілуіне ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын және  қала тіршілігіндегі басқа да өзекті мәселелерді күн тәртібінен түсірмеуді, су тасқынын қатаң бақылауда ұстауда тапсырды. 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз