Тоқаев Алматыға келді

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды KzNews.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Сапар барысында Қазақстан Президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған» деді Б.Уәли.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=3193278450795565&id=100003403233694