Тоқаев Алматыда 13 адам қаза тапқан өртке қатысты пікір білдірді
Президент Алматыда жатақханада қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылатынын айтты.
фото: Ақорда