Тоқаев Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдерін тағайындады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Президент жарлығымен республикалық маңызы бар екі қала мен облыс әкімдері тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды.

Президент Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына сәйкес әкімдерді тағайындады:

  • Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек –  Алматы қаласының әкімі;
  • Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;
  • Ермек Боранбайұлы Маржықпаев –  Ақмола облысының әкімі;
  • Оңдасын Сейілұлы Оразалин  –  Ақтөбе облысының әкімі;
  • Амандық Ғаббасұлы Баталов  –  Алматы облысының әкімі;
  • Нұрлан Асқарұлы Ноғаев  –  Атырау облысының әкімі;
  • Асқар Исабекұлы Мырзахметов  –  Жамбыл облысының әкімі;
  • Ерлан Жақанұлы Қошанов  –  Қарағанды облысының әкімі;
  • Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов  –  Қостанай облысының әкімі;
  • Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  –  Қызылорда облысының әкімі;
  • Болат Жұмабекұлы Бақауов  –  Павлодар облысының әкімі;
  • Құмар Іргебайұлы Ақсақалов  –  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
  • Өмірзақ Естайұлы Шөкеев  –  Түркістан облысының әкімі;
  • Даниал Кенжетайұлы Ахметов  –  Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрлігіне жаңа басшы тағайындады. Арыстанбек Мұхамедиұлының орнына бұрынғы орынбасары Ақтоты Райымқұлова жаңа мәдениет және спорт министрі болды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстанда жаңа ведомство – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құру туралы жарлық шығарды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз