Тоқаев: Алматы алмалары бүкіл әлемге танымал ұлттық брендке айналуы мүмкін

0
26

Ел басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экспортқа жаңа дем беретін тағы бір фактор — Алматының алмасы туралы айта кетті.

«Алматылық алма бүкіл әлемге танымал ұлттық брендке айналуы мүмкін. Аймақ алмасымен бірге басқа бақша және жеміс дақылдарымен танымал. Егер осы бағытты дұрыс дамытатын болсақ, онда облыс бүкіл Қазақстанды қамтамасыз етеді, тіпті экспорттаушы болады.

Алматыға жақын болу да қолайлы факторлардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда менің тапсырмам бойынша мегаполистің айналасында азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленуде. Жобаны табысты іске асыру ауыл шаруашылығының серпінді дамуына ықпал ететін болады»

фото: massaget.kz