Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапарын Өзбекстанға жасамақ

0
58

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тоқаев пен Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Ақорданың баспасөз қызметі мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар аңдатпасын жариялады.

14-15 сәуір күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады.

Келіссөздер барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды.

Бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.



sputniknews.kz