Тоқаев әлеуметтік желіде жазба жариялады

0
11

Ғарыш

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекемен құттықтауын өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады

АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Президент Байқоңыр ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы деп атады. Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазба жариялап, қазақстандықтарды Ғарышкерлер күнімен құттықтады.

«Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке – Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр – ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!», – деп жазды президент.

Ғарышкер күні 12 сәуірде аталып өтеді. 1961 жылы дәл осы күні ғарышкер Юрий Гагарин «Байкоңыр» ғарыш айлағынан «Восток-1» кемесімен тұңғыш рет ғарышқа аттанды. Ұшу уақыты 108 минут болды.

Шамамен 60 жыл ішінде ғарышта үш қазақстандық ұшқыш-ғарышкер болды: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов.

Тағы оқыңыз: «Назарбаев елге жариялап қойыпты»: Әубәкіров қалай ғарышкер болғанын айтып берді



sputniknews.kz