Тоқаев әлемді дүрліктірген оқиғаға байланысты көңіл айтты
Қысқа сілтеме алу
Каир көшелерінің біріндегі жарылыстан 20 адам қаза тауып, елуге тарта адам жарақат алды
НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мысырлық әріптесіне Каирдегі терактіге байланысты жеделхат жолдады.
«Мысырда болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты ел президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдадым», — деп хабарлады Қазақстан басшысы Twitter-дегі аккаунтында.
Каирдегі теракт
5 тамыз, дүйсенбіге қараған түні болған жарылыстан 20 адам қаза тауып, 47 адам жарақат алды. Жарылғыш заттар салынған көлік Ұлттық онкология институтының жанында жарылды.
Тергеу барысында анықталғандай, автокөлік лаңкестік әрекет жоспарланған жерге бара жатқанда жол апатына ұшырап, жарылып кеткен. Мысыр билігі терактіні тыйым салынған «Хасам» террористік ұйымы ұйымдастырды деп санайды.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Киотодағы өртке байланысты Жапония премьер-министріне көңіл айтты
sputniknews.kz