Тоқаев Абайдың мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойды

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт 30 мамырда ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мерейтойды ұйымдастыру жауапкершілігі президент әкімшілігіне жүктелген.

Жарлықта Тоқаев 1 шілдеге дейін мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды, «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін жаңғыртуды, Абайдың мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді, ақын еңбектерін шет тілдерге сапалы аудару сияқты шараларды іске асыруды тапсырады.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы әрі классигі. Ол – жүздеген өлең, поэма мен аударманың, философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздердің» авторы.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз