Тоқаев Абай мен әл-Фарабидің мерейтойын кең ауқымда атап өтуді тапсырды

0

Президент әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы мен Абайдың 175 жылдығын атап өту үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әл-Фараби мен Абайдың мерейтойлары кең ауқымда аталып өтеді, деп хабарлайды Ақорда.

«Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін. Үкімет Әбу  Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын мемлекеттік  комиссияның   қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін», — деп жазылған құжатта.



sputniknews.kz