Тоқаев Абаевқа масс-медианы қолдау шараларын қабылдауды тапсырды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

13 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты Ақордада қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Кездесу барысында бірқатар маңызды мәселе талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев волонтер жылының тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды», – делінген ақпаратта.

Қазақстан президенті «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға азаматтық қоғамды тартудың, «Ашық үкімет» қағидаттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз