Тоқаев 800 мыңнан астам қазақстандыққа тегін азық-түлік берілетінін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Президент телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, елде төтенше жағдай кезінде қолға алынған дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. 800 мыңнан астам қазақстандыққа тегін азық-түлік беріледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Сонымен қатар тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз тіркелген азаматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі», — деді Тоқаев халыққа үндеуінде.

Айта кетсек, мемлекет басшысы телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, елде төтенше жағдай кезінде қолға алынған дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтты.



sputniknews.kz