Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

77 0 0

Бүгін Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы мәліметтер бойынша 15 адам қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының жанындағы жолаушылар ұшағының апаты мен сол жердегі адамдардың қазасына байланысты 2019 жылдың  28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады», – деді Берік Уәли.

Бұған дейін мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтқан еді. Сонымен қатар президент кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын жеткізді. 

Ұшақ апаты

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы ұшақ апаты: ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды

Соңғы деректерге сүйенсек, қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Көз жұмғандар арасында Informburo.kz ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Дана Круглова бар.

50 адам ауруханаға жатқызылған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз