Тоңазытқышта үш күн жатқан соң «тірілген» ер адам дәрігерлерді шошытты

0
582

Мәйітхана қызметкерлері үш күннен кейін «тірілген» 56 жастағы ер адамды көріп қатты таңғалды. Осы сәтте ол тоңазытқышта болған.

Оқыс жағдай Ресейдің Нижегород облысында орын алды.

Виктор Иванұлы — өте ұяң адам. Ол сан рет журналистермен кездесуден бас тартты. Десе де, араға бірнеше күн салып ол суретке түсірмейді деген шартпен журналистермен кездесуге келісімін берді.

«10 жыл бұрын жүрегім ауырып жүрді, өзімді жайсыз сезіндім. Көршімді көмекке шақырып хабарласып, есікті аштым, жедел жәрдем шақырмақ болдым… Ал одан арғысы есімде жоқ. Оянған кезде қатты мұздап жатқанымды байқадым… Қатты қорқып кеттім. Санитарлар мені көріп шошып кетті», — деді Виктор Самохвалов.

Дәрігерлердің барлығы бірауыздан мұны бұрын-соңды болмаған жағдай деп бағалады.

«Біз кейде дәрігерлердің қателік жіберетінін білеміз. Алайда бұл ғажап нәрсе болды. Себебі, тірі адамның өзі үш тәулік тоңазытқышта болған соң тірі қалмас еді. Бұл нағыз таңғажайып», — деді мәйітхана қызметшісі.