«Томирис патшайым» рөлін сомдаған қазақ қызы әлемдік байқауда жүлделі орын иеленді

Калифорнияда тұрмысқа шыққан әйелдерге арналған халықаралық сұлулық байқауының финалы өтті. Бірінші орын Беларуссиядан Лана Глумаковаға, екінші орын Ақан Сатаев фильмінде Томирис патшайымның рөлін сомдаған Альмира Тұрсынға бұйырды.
«Маған» Globe 1- вице-ханым» атағы берілді (яғни 2 — орын)», — деп жазды Альмира Тұрсын Instagram-да.
Қазақстандық Жанна Сахариева 45 + санатындағы 4-вице-ханым, Индира Құлбаева — рlus size санатындағы 4-вице-ханым атанды.
фото: massaget.kz