“Томирис патшайым костюмін маған берді” — мұғалімдер 4 мыңнан жинап мектепке шақырған емші құпиясымен бөлісті
Жамбыл облысындағы мектепке барып, қайырымдылық кешін өткізген өзін емші, әрі дәрігер санайтын “Томирис патшайым” атымен танылған Гүлсара Суазқызы “Көреміз” ток-шоуына келіп, көйлегінің құпиясымен бөлісті. Оған мұғалімдер 4 мың теңгеден де жинап берген.
“Түсімде Томирис патшайым аян берді. Негізі көп жыл бұрын аян берген. Осы менің жұмысымды жалғастырасың деді. “Жеріңе ие бол! Клиникаңды жоғалтып алма! Намазхананы ұста!” деп аян берді. Әрқашан аян көріп, сол бағытпен жұмыс істей бергенмін. Томирис өзінің костюмін маған берді. Дизайнын сызып берген. Костюмдерімнің 37 образы бар” — дейді емші-дәрігер.