«Толыққанды отбасынан шығуы керек»: Экс-шенеунік Бауыржан Мусин қарым-қатынасқа түсуге болатын «дұрыс» қыздың белгілері туралы пост жариялаған
Қоғам белсендісі, экс-шенеунік қарым-қатынасқа түсуге болатын “дұрыс” қыздың 20 пунктен тұратын белгісін жариялаған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мусин «маманның» пікірінше деп жазып, қарым-қатынасқа түсуге болатын қыздың қандай болуы керек екенін жазған. Айтуынша, қыз толыққанды отбасынан шыққан болуы керек, татуировкасы, «бұлыңғыр өткені», мансап құру амбициясы, тіпті ұл достары болмауы керек.
Ол қыз өз талаптарын қоймауға тиіс, жанжал шығармай, бірінші достаса білуі керек және ойында саяхаттау ғана болса, ондайға жоламаған жөн деп жазады.
Әрі пункте қыз эзотерика, бал ашу сынды нәрселерге әуес болмауы қажет делінген.
Бауыржан Мусин – заңгер, дін істері және азаматтық қоғам министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары. Ол 2018 жылы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталған.
Ол «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Бұған дейін Бауыржан Мусин тергеу изоляторына барып, Қуандық Бишімбаевпен сөйлескені хабарланды. Байжанов сотта Мусин қысым жасағанын айтқан.