Төлеутай Рахымбеков президенттікке кандидат ретінде тіркелді — Қазақстан жаңалықтары
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Төлеутай Рахымбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
26 сәуір күні «Ауыл» партиясы Төлеутай Рахымбековті ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты ОСК-ға оның келесідей тиісті құжаттарын ұсынған.
«Ауыл» партиясы қоғамдық бірлестігінің жоғары органының Төлеутай Рахымбековті президенттікке кандидат ретінде ұсыну жөніндегі мәжілістің партияның Әділет министрлігінде тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса берілген хаттамасынан үзінді; президенттікке кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы Рахымбековтің өтініші, өмірбаяндық деректері; сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат және кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау негізінде Орталық сайлау комиссиясының 27 сәуірдегі қаулысымен президенттікке кандидаттың сайлау туралы заңнамаларда қойылған талаптарға сәйкестігі белгіленіп, қол жинау парақтары берілді», — деп мәлімдеді ОСК мүшесі Ихданов.
Кандидатты тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына келесідей құжаттар ұсынылған:
— Президенттікке кандидат Төлеутай Рахымбековтің кірістері мен мүлкі туралы декларация жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
— кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды;
— облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының азаматтардың президенттікке кандидат Рахымбековті қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы хаттамалары.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидат Рахымбековті қолдап 122 309 азаматтық қол жиналды, оның ішінде рас деп танылғаны – 120 754″, — деді Ихданов.
Еске сала кетсек, 15 сәуірдегі №13/237 ОСК қаулысымен анықталған ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналған рас қолдардың қажетті саны 118 140-тан кем болмауы тиіс.
Оның айтуынша, Төлеутай Рахымбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжат ОСК-ға ұсынылғанын және қойылған талаптарға толығымен сәйкес екенін атап өтті. ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін ОСК қаулысымен Рахымбековті 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлануына кандидат ретінде тіркеп, кандидатқа тиісті куәлік берілді. Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелу туралы мәліметтер беріледі. БАҚ-қа кандидат Рахымбековті тіркеу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау белгіленді.
stan.kz