«Төлеутай Рахымбеков мені далада қалдырды». Экс-кандидаттың өгей қызы Президенттен көмек сұрайды

0

Ауыл партиясынан Президенттікке үміткер болған Төлеутай Рахымбековті қызы Айбота сотқа бермек. Бұл туралы Айбота Рахымбекова әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков 2019 жылы ҚР президенттігіне кандидат болған. Оның өгей қызы Президенттен көмек сұрайды.

— Құрметті Қазақ елі, Президент мырза және анамның туыстары! Осылай ақтарып салғаным үшін сіздерден кешірім сұраймын. Бірақ менің басқа амалым қалмады. Ішімдегі 8 айлық баламен, Төлеутай Рахымбеков мені далада қалдырды. Анам марқұмнан қалған бүкіл дүниенің (мұрагерлік үлесімді) барлығын мені алдап-арбап тартып алды. Маған көмектесіңіздер, ағайын, журналистер, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар және Президент мырза! — дейді бейне-үндеуде Айбота Рахымбекова.

Айбота Рахымбекова экс-кандидат Төлеутай Рахымбековтің туған қызы емес. Ол оның марқұм әйелі, қоғам белсендісі Салтанат Рахымбекованың қызы. Анасы қайтыс болғаннан соң ол  жеті жыл бойы туыстарымен тұрған.

— Ол 7 жыл бойы бізбен бірге тұрмады. 2015-2020 жылдар аралығында ем қабылдады. Бұның барлығын құжат жүзінде рәсімделген. Ол әр кезде тұтыну үшін ақша сұрайды. Мен оған сұрағанын бермедім. Енді не істеу керек? Есірткі мен алкогольге тәуелді болған адамның сөзіне сенуге бола ма? Кезінде оны асырап алуға келісім бергенім ақымақтық болды, — дейді экс-президенттікке үміткер Төлеутай Рахымбеков.

Саясаткер даулы істің артында Айботаның жақын туыстары тұрғанын айтады. Былтыр, 13 желтоқсанда сайлау алдында да осындай видео тараған болатын. Депутат құжатта бекітілгендіктен мұндай әрекеттерден қорықпайтынын айтады.

«Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының алдында маған қарсы топтың бары айтылды. Құдайға шүкір, адамдар мені және отбасым туралы біледі, — дейді Рахымбеков.

Төлеутай Рахымбеков 2019 жылы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Президенттікке сайлауға түсіп, 3,04% дауыс жинаған болатын.

Айта кетсек, бұл видеоның қазақша үндеуі бұрын болмаған. Қазақша видеода зорлау туралы айтылмаған.  Былтырғы іс сотқа дейін жетке. Алайда істің соңы қалай біткені белгісіз.

фото: malim.kz