Токиодағы жазғы олимпиада кейінге қалдырылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Токиодағы Олимпиада ойындары бір жылға кейінге қалдырылды. Мұндай ұсынысты Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ айтты. Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах қолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеп. 

Абэ айтуынша, Бах коронавирустың өршіп тұрған шағында олимпиаданы бір жылға кейінге көшіру туралы ұсынысты 100 пайызға қолдады. Бұл ретте екі тарап та Олимпиада ойындары 2021 жылдың жазынан кешіктірмей өтеді деп келісті. Осылайша, Токиода Олимпиаданы өткізудің нақты күні белгісіз болып қалады.

23 наурызда ХОК құрметті мүшесі Ричард Паун жарысты 2021 жылға ауыстыру туралы мәселе шешілгенін мәлімдеген еді. Комитетте канадалықтың сөзі оның жеке көзқарасы деп санауды ұсынды.

Сол күні Жапонияның премьер-министрі парламентте сөйлеген сөзінде 2020 жылдың жазына жоспарланған Олимпиада ойындарын коронавирус жағдайына байланысты өткізу мүмкін емес екенін мойындады. Абэ ХОК президенті Томас Бахпен ойын ұйымдастыру мәселесін талқылауға уәде етті.

Токиода Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс болатын.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз