Токио Олимпиадасының чемпионы сыйға миллион доллар алды

0

Еркін кұрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев Мемлекеттік дума депутаты Магомед Гаджиев Токиодағы бірінші орын үшін қомақты ақша бергенін айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Чародин ауданынан шыққан жерлесім, Мемлекеттік дума депутаты Магомед Гаджиевке алғыс білдіремін, Токиодағы жеңіспен ол мені миллион доллар беріп құттықтады. Бапкерім Шамиль Омаров та назардан тыс қалмады. Ал өз кезегімізде бапкерім екеуміз деңгейден түспей, жанкүйерлерді жаңа жеңістермен қуантуға тырысамыз», — дейді спортшы.

Садулаев Токио ойындарының 97 келіге дейінгі финалында 2016 жылғы Олимпиада чемпионы америкалық Кайл Снайдерді 6:3 есебімен жеңді.

Ресейлік балуан қатарынан екінші Олимпиадада жеңімпаз атанып отыр. Рио ойындарында ол 86 келіде чемпионы болған.