Токио-2020: Дархан Асадилов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Токио Олимпиадасында каратэ-додан қазақстандық Дархан Асадилов (67 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Дархан Асадилов түркиялық қарсыласымен сынға түсті. Кездесу аса тартысты өтті.
Дархан қарсыласын 6:2 есебімен жеңді. Енді онда алда үш жекпе-жек бар.
Д.Асадилов 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Азия чемпионатында бірнеше дүркін жүлделі болды.
Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық спортшылар төрт қола медаль алды.
Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев бар.