Токио-2020: Әлiшер Ерғали жеңілген жекпе-жектің төрешілері жазаланды

Қазақстандық балуан Әлiшер Ерғали жеңілген жекпе-жектен кейін төрешілер жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеген.
Әлiшер Ерғали (Қазақстан) — Сулейман Карадениз (Түркия) белдеуiнде қызмет еткен төрешілер жазаланды. Нақтырақ айтсақ, кездесудің бас төрешісі Давор Петанйек (Хорватия) жарыстан шеттетілді. Ал қалған төрешілерге ескерту жасалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан күрес федерациясы аталмыш кездесудегi төрешілердiң әдiлетсiз шешiмiне шағымданған болатын.