Токио 2020: 1 тамызда жарыс жолына кімдер шығады?

0
431

1 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасының бес спорт түрінен бақ сынасады.

Ертең күрес түрлерінен жарыс басталады. Грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов пен әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, боксшылар Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізеді.

Грек-рим күресі. Ерлер, 60 келі. 1/8 финал
08:00. Мейрамбек Айнағұлов – Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан)

Әйелдер күресі. 76 келі. 1/8 финал
08:00. Эльмира Сыздықова – Айпери Медет Кызы (Қырғызстан)

Жеңіл атлетика. 400 метрге жүгіру. Ерлер. Іріктеу
08:17. Михаил Литвин

Спорттық гимнастика. Ерлер, еркін жаттығу. Финал
14:00. Милад Карими

Бокс. Ерлер. 1/4 финал
15:18. 75 келі. Әбілхан Аманқұл – Эберт Соуза (Бразилия)
16:24. 91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев – Иван Верясов (Ресей).