Тойланбаған туған күн иесіне  тарту етілген ерекше сыйлықтар тізімі

0

Әдетте президенттерге жиі естелік сыйлықтар, бағалы дүниелер тарту етілетіні сөзсіз. Қазақсттаныың экс-басшысы Назарбаевқа тарту еткен ерекше сыйлықтар тізімін ұсынамыз.

Қасиетті Қағбаның пердесі

2016 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабия Елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анеси Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін Сауд Арабия Королінің бағалы сыйлығын тапсырды. Ол — қасиетті Қағбаның жамылғысы.

25 мың голландиялық қызғалдақ шамдары

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына осындай ерекше сыйлықты Атырауда халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесуі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелдік инвесторлар табыс етті.

ExxonMobil, Total E&P, Royal Dutch Shell және Eni компанияларының басшылары Қазақстан Президентіне республикада қолайлы инвестициялық ахуал жасағанын атап өтті. Кейін мұнай саласының символдық белгісі, 25 мың голландиялық қызғалдақ шамдары тарту етілді.

Алтын домбыра

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай кәдесый дайындайтын компания алтын домбыра сыйлады. Ол Назарбаевтың өлеңдерін өз бетінше орындай алады.

100 Нұрсұлтан есімді жасөспірімдер әні
2016 жылы Елорда күні және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күнінде шымкенттік 80 жас азамат драма театрының сахнасында Елбасыға арнап ән ұсынған болатын.

Кристалды доп

Сонау 2013 жылы Қарағанды ​​футбол қауымы атынан, Қазақстан футболының 100 жылдығы құрметіне кристалды доп сыйға тартылды. Кәдесый футболдан Қазақстан кубогының финалына шыққан қарағандылық «Шахтер» мен «Тараз» командалары үшін арнайы жасалған.

Галстук

ПМУ студенттері Мемлекет басшысына халықаралық стартап академиясының құрамында өз кәсібін ашқан 4-курс студенті Римма Ковалеваның қолынан жасалған галстукты сыйға тартты.