Тойға келген қонақтың сыйлығына разы болмаған қалыңдық өтемақы сұраған — Қазақстан жаңалықтары
Желі қолданушысы таяуда тұрмыс құрған құрбысына шығамданды. Айтуынша, құрбысы өзінің тойға әкелген сыйлығына разы болмай, өтемақы сұраған.
Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Бойжеткеннің сөзінше, тойдан кейін құрбысы қоңырау шалып, қонақ болғаны үшін алғыс білдірген. Әңгіме барысында құрбысы оның әкелген сыйлығы әлдеқайда арзан болғанын, оларды қонақ ету үшін өзінің көбірек ақша жұмсағанын айтыпты.
«Бастапқыда әзілдеп тұр ма деп ойладым. Алайда артынша оның әзілсіз сөйлеп тұрғанын түсіндім», — дейді бойжеткен.
Оның сөзінше, құрбысының сөзінен кейін не айтарын білмей, абдырап қалыпты.
Қалыңдық құрбысы мен оның күйеуінің тойдағы тамағы мен көңіл көтергені үшін 500 доллар (шамамен 190 мың теңге) шамасында ақша жұмсағанын айтқан. Сондықтан қосымша 300 доллар (110 мың теңгеден аса) бергенің әділетті болар еді, депті құрбысы.
Бойжеткеннің айтуынша, ол құрбысына 200 доллар (75 мың теңгеден аса) көлемінде ақша және құны 75 доллар (28 мың теңгеден аса) тұратын майшам сыйлаған.
«Мен австралиялықпын. Бізде тойға жұмсалған ақшаға байланысты сыйлық беру деген жоқ», — дейді ол.
Ал желі қолданушылары бойжеткенді қолдап, оған құрбысымен ара-қатынасты үзуге кеңес берді.
«Қонақтардан тойыңа келгені үшін ақша алуға болмайды. Сен қалыңдыққа қарыз емессің», — дейді пікір қалдырушылардың бірі.
Желі қолданушыларының дені көптеген адамның көп сыйлық алып, шығынды жабу үшін тойды әдейі сән-салтанатымен өткізетінін айтып жатты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz