Тойда уыстап ақша шашқан азамат елді таңғалдырды (видео)

0

Тойда уыстап ақша шашқан азаматтың видеосы тарап, көпшілікті таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі Mojorka.kz парақшасында жарияланған.

Тойда билеп жатқан қонақтарға азаматтың ақша шашқанын, оны кішкентай балалардың уыстап жинап жүргенін байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары «тойындандар», «неге осылар ақша шашып билейді», «жомарт адам», «ақша ешқайсысына керек емес сияқты» деген пікірлер қалдырған.